Діндер татулығы – ортақ мереке

«Рухани келісім күні» - еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі.

Айтулы күнге орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Мерекеге жиылған көпшілікті аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов құттықтады.

- Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері экономикалық-әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізсек, соның барлығы еліміздегі ұлтаралық, дінаралық, конфессияаралық татулық пен келісімнің арқасында жүзеге асып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жыл сайын өткізіліп жатқан конфессияаралық діндер съезі еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы бағытында атқарылып жатқан істердің бір көрінісі. Еліміздің берекесі мен бірлігі арта берсін, - деген Дарын Шамұратұлы,

осы дін саласында еңбегімен еленген бір топ қызметкерге облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті. Бұл құрметке «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологтары Омаров Мұхидден Асқарұлы, Оразов Амангелді Қалдыбайұлы, Миланбек Қатеп Миланбекқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мурзин Артур Табылдыұлы, «Каспий маңының қазіргі заман колледжі директорының оқу өндірістік істері жөніндегі орынбасары Ахметова Айнагүл Мақсотқызы, ақпараттық талдау орталығының мамандары Оразбаева Үкілім Ержанқызы мен аудандағы мүшесі Қымбат Кәрім, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Сапанов Серік Жұбанұлы, Шакиров Толыбай Шәкірұлы ие болды.

dsc_1445

Облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы Мейірбек Құбышев құттықтау тілегін жалғастырып, облыстық деңгейдегі шара биыл облыс әкімінің бастамасымен Индер ауданында ұйымдастырылуы ұйғарылғанын айта келе Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының алғыс хатын иелеріне табыстады. Мәртебелі құрметке облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Мұхамбетов Серік Қалжанұлы, Марданов Темірбек Марданұлы, Православ Успен соборының настоятелі Соколов Михаил Аркадьевич, Атырау Апостольдық шіркеуінің басшысы Дариуш Бурас, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының маманы Абзалов Ернар Абзалұлы, «Жәрдем Атырау» қоғамдық қорының директоры Жаулин Ербол Еділұлы иеленді.

Өнерпаздар Бақберген Болатұлы мен Гүлзира Шаукирова жүргізіп тұрған мерекелік шарада «Дендер сазы» фольклорлық ансамблі мен Ерлан Орынбасаров, Дәулетжан Байбақты, Раушан Әлиева өнер көрсетсе, кештің соңын «Достық биімен «Әсем –ай, «Інжу маржан» бишілер тобы мен Мұратбек Жұмашев пен Айгерім Нысанова «Мен, сен, бәріміз» әнімен қорытындылады.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521