«Дина» базары қайтадан толық жабылуы мүмкін

Санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін, «Дина» базары толықтай жабылуы мүмкін, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, базар әкімшілігі Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің нұсқауына сәйкес іс-шаралардың бір бөлігін орындамаған. Нұсқама ең алдымен сауда нысанының қызметкерлері мен тұтынушылардың эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында, Атырау қалалық әкімдігі, Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау филиалы, қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі қызметкерлерінен құралған мобильдік топ, «Дина» базарына тексеріс жүргізді. Мониторинг кезінде базардың сегіз сауда блогында желдету жүйесінің болмауы және кейбір санитарлық талаптардың орындалмайтындығы анықталған.

- Қалалық әкімдік тарапынан, базар әкімшілігіне бұдан бұрын да талаптардың орындалысы бойынша ескертулер жасалған. Мониторинг қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.

Сонымен бірге, базардың кейбір бөліктері жабылады. Егер санитарлық нұсқаулық ережелері одан кейін де бұзылса, «Дина» базарының жұмысы толықтай тоқтатылады, – дейді мобильді топ өкілдері.

Сурет дереккөзден

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика