Департамент басшысы халыққа сапалы, уақтылы қызмет көрсету басты міндет екенін айтты

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы Салауат Мүксімов алғашқы қызметтік сапарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының фронт-офистерін аралаудан бастады.

?Қызметтік кездесу көші-қон қызмет көрсету орталығының жәй-күйімен танысумен басталды. Цифрлық қызмет көрсету орталығы арқылы жалғастыра отыра, қалалық 1, 2, 3 бөлімдерінің жұмыс жағдайымен танысты.

? Аталған кездесуде халықпен тығыз байланыста, құжат айналымы бойынша бұқараның қажетін өтеп отырған бөлімдердің тыныс-тіршілігі, өзге мемлекеттік органдармен байланыс, түйінді мәселелер мен алдағы жоспарлар да ортаға салынды.

?Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жаңа мекенжайға қоныс аударған филиалдың ескі ғимараты да департамент басшысының назарына ұсынылды. Бұған дейін мұнда қаншалықты жөндеу жасалғанмен ескі ғимарат халыққа қолайсыздық тудырып келген болатын.

?Мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуі бағытында осыған дейін бірлесіп жұмыс жүргізіп келген екі ұжым алдағы уақытта да ынтымақта халық игілігі үшін қызмет ететін болмақ.

? Кездесу барысында Департамент басшысы Салауат Мүксімов басты міндет - халыққа сапалы, уақытылы қызмет көрсету басты міндет екендігін тілге тиек етті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521