Индербордың "Барлаушылар" бөлегінде ✓110 референдум учаскесі орналасқан, оған барлығы 1528 адам тіркелген.
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің базасында орналасқан бұл референдумға түске дейін жолымыз түскенде сайлаушылардың қатары көп еді.
Нақтырақ айтқанда аталмыш референдум учаскесінің төрағасы Айман Меңдігерееваның мәлеметі бойынша, сағат 12.00-де 699 адам даусы берген. Бұл дегеніңіз 45,75 пайыз. Ал түсқайта сайлаушылар қатары сирегенін байқадық.
Нақтырақ мәлемет бойынша сағат 17.00-де 1209 дауыс беріп үлгерген, 79,12 пайыз. Учаскеде дауыс беру жалғасуда. С. Сансызбайұлы