С.Сейфуллин атындағы орта мектепте орналасқан №121 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Құмашев Қайрат Малқараұлы дауыс берді. Ол бұрын Индербор кентінің орталығында тұрса, қазір "Шығыс" мөлтек ауданынан үй салып, осында орналасқан учаскеге жолы түсіпті. —Бүгін еліміз үшін айтулы күні күндегіден ертерек тұрып, дауыс беруге арнайы келдім. Референдумға қатысуды азаматтық парызым санаймын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, — дейді ол. С. Сансызбайұлы .