Дархан Қапашев Жарсуат ауылдық округі әкімі болып сайланды

2025 жылғы 13 шілдеде Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп, қорытынды хабары жарияланды.

  Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы  9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Индер ауданы   Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:    
        Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 1682 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны -1029. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны –19.  «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны -27.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: 
А.Б.Бағытжановқа    - 172
Д.Қ.Қапашевқа         - 642
А.К.Махметовқа        - 120
       Жарсуат ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Индер аудандық филиалы ұсынған кандидат Қапашев Дархан Қапсихұлы, 1981 жылы туған, «Жарсуат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Жарсуат ауылының тұрғыны сайланды.

Индер  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT