«ДАМУМЕН» БІРГЕ ДАМУДА

Қазіргі уақытта отбасылық мейрамханалар мен кафелерге бару қолжетімді бола бастады. Онда түскі, кешкі ас ішуге, туған күндерді атап өтуге және отбасыңызбен, достарыңызбен басқа да маңызды ісшараларды өткізуге жағдай жасалып келеді.

Мұндай қызметтерді ұйымдастырушылардың қатары өсе түсуде. Міне, сондай кәсіпкерлікке ұмтылған жандардың қатарында индерлік Альбина Баймұханова да бар. Алдымен ол ері Шалқар Ерболұлы екеуі дәмхананы жалға алып, содан кейін бизнестің осы түрін жүргізуде тәжірибе жинақтап, екінші деңгейлі банкке осы жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтініш берді. " К ә с і п к е р л і к т і д а м ы т у ж ө н і н д е г і 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба" бағдарламасы шеңберінде мұнда мемлекетттің субсидияланатын бөлігі 14,5% құрады, ал қәсіпкер 7% айырмашылықты төлейді.

«Даму» қорының кепілдігі несие сомасының 62 % құрайды. Аталған қаржыға қол жеткізген кәсіпкер жұмыстарын табысты бастап отыр. Бүгінгі таңда олардың отбасылық дәмханасына араласу мақсатында үлкендер де, балалар да келіп, түрлі тағамдардан дәм татуға жиналады. С о н ы м е н қ а т а р , ж е к е к ә с і п к е р тұтынушыларға дәмді тамақтар жеткізу қызметтерін ұсынады және бүгінгі күні өзінің тұтынушы базасын арттыруды жалғастыруда.

Осылайша Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылғанындай, ел экономикасын дамытуда негізгі драйвер болып саналатын кәсіпкерлікті дамыту тапсырмасы өз мәнінде орындалуда.

Роза БАЙСАЛЫҚОВА,

«ДАМУ» КДҚ Атырау филиалының өкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521