Дәулет Тұрлыханов Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов AMANAT партиясындағы жақтастарынан Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде қолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әділетті қоғам құру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру жолында елімізде қызу жұмыстар атқарылуда. Талай жыл жауыр болған көп мәселе ретке келе бастады. Президентіміздің бастамасымен ел мүддесіне сай жүйелі реформалар қолға алынды. Спорт саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп, жақсы қолдау көрсетіліп жатыр», - деді ол елордада өтіп жатқан AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.

Даңқты палуан еліміздің барлық өңірінде әмбебап спорт кешендері салынғанын, аулалар мен қоғамдық орындарда жаттығу жабдықтары мен құрылғылар қойылғанын атап өтті.

«Осы мүмкіндіктерді орынды пайдаланып, ұрпағымызды дені сау, мықты қылып өсіруіміз керек. Бәрімізге ортақ жалғыз ғана Отанымыз, мемлекетіміз бар. Бізді ортақ мақсаттар мен құндылықтар біріктіреді. Елімізді қиын кезеңде тастамай, біріктіріп алып шыққан қажырлы еңбегін бағалап, болашаққа бағытталған тың бастамалары мен халықтың мүддесіне арналған жоспарына сенім артып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты бір кісідей қолдауға баршаңызды шақырамын!», - деді Дәулет Тұрлыханов.

 

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25qazan-respublika

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика