Дәріханаларда дәрі жетіспей жатыр

Пандемиямен келген пәле фармацевтика саласының жұмысына да кері әсерін тигізіп жатқандай. Өйткені...

Индербор кентінің басында орналасқан дәріханалардың алды иық тірескен халыққа толы. Алайда бірқатары өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті таппай сандалуда.Такси жүргізушісі болып қызмет ететін Амандық Бершіков есімді азамат екі күннен бері қарапайым қызу түсіретін асперин мен парацетамол дәрісін таба алмай кент басындағы барлық дәріхананы аралап шыққанан айтады.

-Ел аман, жұрт тынышт асперинді таба алмай қалдым. Амал жоқ облыс орталығынан тапсырыс беріп алдыруға тура келіп отыр. Бақсам ол жерде де жоқ секілді. Тапсырыс бергеніме 2-3 күн өтті, әлі келген жоқ,-дейді басы қатқан тұрғын.

Расында да аудан орталығында орналасқан дәріханаларда кезек күткен қауымның қарасы қалың. Қолда бар дәріні ақысына үлестіріп бергенімен, оры-нын толтыратын дәрі жоқтың қасы болып отыр. Біз бұл мәселемен аудандық кәсіпкерлік, өндіріс және туризм бөлімінің басшысы Дулатбай Сариевке хабарласқан болатынбыз.

-Дәріханаларда дәрі жетіспеушілігі бары рас. Облыс орталығында да осындай жағдай орын алып отыр. Дәрі тасымалдаушы кәсіпкерлер жұмысына еш кедергі жоқ. Жағдай бақылауға ұсталынып, әр сағат сайын дәріханалармен байланысып отырмыз. Қайткен күнде де жағдай оң шешіледі деп санаймыз,-дейді бөлім басшысы.

 

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз