Тақырыбы: «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту».
Мақсатты аудитория: заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері.
Іс-шараның мақсаты:
- ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;
- ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.
Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (алушыларға) жасалған Келісім аясында ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымына, ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты түсіндірмелер беріледі.
Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер береді.
Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 29 қыркүйекте сағат 10-00 да онлайн форматта өтеді.