Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 28 наурыздан бастап https://kazcoins.nationalbank.kz/kz ҚҰБ интернет-дүкені арқылы мына коллекциялық монеталарды сатуға шығарды.
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» сериясынан Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы. Сынамасы 925/1000 күміс монетасы түрлі түсті баспа технологиясы қолдана отырып дайындалған. Массасы 31,1 грамм, мөлшері 30х45 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.
«Спорт» монеталар сериясымен шыққан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған. 925/1000 сынамасы бар күміс монеталардың массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 100 теңгелік, Қазақстанның ішкі нарығына арналған саны – 3 650 дана.
Ал, номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан SALIÝT-1 монеталарының «Ғарыш» монеталар сериясымен шыққан SALIÝT-1 коллекциялық монеталары нейзильбер қоспасынан (МН 15-20) тұрады. Массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 100 000 дана.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ
Атырау филиалының қолма-қол ақшамен
жұмыс және кассалық операциялар бөлімі