БОС ЖҮРМЕ, БОРЫШКЕР!

 Аудандық прокуратураның ба стамасымен аудандық «Мансап» орталығы, сот орындаушылар, полиция органымен бірлесіп, али мент бойынша берешегі бар бо рышкерлерге, пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.

Жәрмеңкеге «АгроСтройИн дер», «ИсиГипсИндер», «Индер Гипс», Атырау Строй Стандарт», «Батыс Құрылыс Инвест», «Есбол Мәдениет», Өрлік балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен барлығы 12 бос жұмыс орны ұсынылды. Алдымен аудан прокурорының орынбасары Дулат Төлеуов өткізіліп отырған шараның мақсатын түсіндірді. Ал, жұмыс берушілер өздеріне қажетті бос орындармен таныстырып, қойылатын талаптарды айтты. Сонымен қатар, қатысушы әр азаматқа жекелей тоқталып, әлеуметтік жағдайларымен танысты. Жиынға қатысқан пробация тізіміндегі және алимент бойынша берешегі барлардың бірқатары ұсынылған жұмысқа орналасуға ниетті екендігін айтса, бірі денсаулығы жарамсыздығына бай ланысты жұмыс қажет емес екендігін жеткізді. Ал, «Мансап» орталығының директоры Динара Мусина бұл санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту әркез назарда екендігін атап өтті.

Жиынды аудан прокурорының орынбасары Дулат Төлеуов қорытындылап, тиісті сала маманда рына жұмысты жүйелі ұйымдастыру қажеттігін айтты.

– Ата-ананың ажырасқанына баланың кінәсі жоқ. Бастысы, бала құқығы бұзылмауы керек. Сондықтан заң бойынша бала 18 жасқа толғанша алимент төленіп, соттың шешімі орындалуы қажет. Пробация жұмысының қызметі – бас бостандығынан айырылған азаматтардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу, қайта қылмыс жасауының алдын алу. Біз жергілікті атқарушы органдар мен бірлесе отырып, сіздерді на зардан тыс қалдырмай, жұмысқа орналасуларыңызға мүмкіндік жа сап отырмыз. Мемлекет тарапынан әркез қолдау көрсетіледі. Сіздер осы мүмкіндікті пайдаланып, еңбекке аралассаңыздар өздеріңіз үшін де, отбасыларыңыз үшін де үлкен көмек болмақ. Есеп бойынша пробация тізімінде 35 адам болса, оның екеуі жұмыссыз, ал алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің ішінде 46 адам жұмыссыз санатында тұр. Сол сияқты борышкерлердің жұмыссыз 4 адам жұмысқа орналастырылды, - деді ол.

Шынында да алиментке бо рыш әкелердің мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан мұндай жәрмеңкелер керек-ақ. Мамандардың айтуынша, жұмыс берушілермен тікелей байланыс еңбек нарығындағы ахуалды зерт теуге ықпал етеді. Түптеп келгенде, мұндай келісімді шаралар екі жаққа да тиімді. Әсіресе, жан бағу оңайға соқпай отырған шақта әкелердің де қарап отырмай, қолдау көрсете алуына жағдайдың жасалғаны құптарлық іс болары сөзсіз.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521