Бұл күнді айрықша атап өту өте маңызды

25 қазан - біздің еліміз үшін маңызды күн. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл – ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 25 қазан - Республика күні болып, күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.

Бұл күнді айрықша атап өту өте маңызды. Себебі қазақ халқы сан рет нәубетті басынан кешірді. Туған жер үшін жанын пида еткен батыр бабаларымыз ел мен жерді сақтап қалды, бүгінгі ұрпаққа жеткізді.  Осындай ғасырлар бойғы нәубеттен өтсе де қазақ халқы рухы мықты ұлт ретінде, қиын-қыстау заманнан өтіп, осы күнге жетті. 

Қазіргі таңда  Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер қазақ жерінде бірге еңбек етуде.

Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Бұның бәрі сайып келгенде қазақ елінің   жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлық ұлтқа құшағын кең жайған қазақтың дархан мінезінің көрсеткіші. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

 

Гүлзина Азанова,

кітапханашы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521