PepsiCo сияқты әлемге әйгілі компанияның Қазақстанға келіп, ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруы – бұл ел тарихындағы жаңа бетбұрыс кезеңдерінің бірі. Өйткені ежелден Ұлы Жібек жолы бойында жатқан қазақ жері әрқашан да Шығыс пен Батысты жалғаған алтын көпір қызметін атқарған. Бүгінде сол дәстүр жалғасын тауып, шетелдік инвесторлар Қазақстанды сенімді әріптес ретінде таңдауы – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен беделінің айғағы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл жоба тек қана өндіріс орнын ашу емес, сонымен бірге ауыл шаруашылығын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, ғылыми тәсілдерді енгізуге жол ашады. Әсіресе, қытырлаққа арналған картопты еліміздің өз жерінде өсіру – ауыл еңбеккерлеріне зор мүмкіндік. Бұл – қазақ жеріндегі егіншілік мәдениетінің жаңа деңгейге көтерілуін көрсетеді.
Тарихқа үңілсек, әр дәуірде елдің дамуына өндіріс пен сауданың ықпалы зор болған. Бүгінгі таңда PepsiCo-ның зауыты да осындай тарихи үдерістің жалғасы ретінде бағаланады. Демек, бұл инвестиция – тек экономикалық қадам ғана емес, болашақ ұрпаққа жарқын келешек сыйлайтын тарихи мүмкіндік.
Гүлнафис Есқалиева
тарих пәні мұғалімі