Бізге үлкен жауапкершілік артылып отыр

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты бүгінгі Жолдауында ел үшін өте өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталды.
«Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет»,-деді ел Президенті.
 Мемлекет басшысының осы бір сөзі барша ұстаздарға үлкен сеніммен қатар зор жауапкершілікті де жүктеді. Осы үдеден шығып, мәртебе биігінен көріну – әрбір ұстазымыздың міндеті. Тапсырылып отырған таудай сенім – біз үшін үлкен жауапкершілік.
Сондықтан, елімізде ұстаздардың мәртебесі күннен күнге өсе береді деп сенуге болады.

Қайырбек Жеңісұлы, 
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT