Біздерге берілген мүмкіндік

Президент Қ.Тоқаевтың ҚР парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі шықты. Онда Президент: «Парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер менжастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді» деп атап өтті.

Шын мәнінде бұл енді әйелдердің еліміздегі қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына септігін тигізері сөзсіз.

Мен өзім кәсіпкерлікпен айналысқаныма біраз жыл болды. Жолдасым мұнай саласында қызмет істейді. Әрине біз үшін отбасымыз ең басты құндылығымыз. Сондықтан да отбасы тәрбиесіне баса көңіл бөліп, қоғамдық жұмыстарға да уақыт тауып араласамын.

Жақында «Нұр Отан» партиясы өткізген праймеризге қатысып, өзімнің бағымды сынадым. Алғаш рет өзімді тұлға ретінде сезіндім.Егер халық қалаулысы бола қалсам не істеймін деген ой жетегінде болып, бағдарламамды жазып шықтым. Айтуға бәрі оңай көрінгенмен берген уәдеңді орындау бәрінен маңызды екенін түсіндім. Қайткенде де бұл біз сияқты нәзік жандарға берілген мүмкіндік әрі сенім деп түсінеміз.

Осы тұрғыдан алғанда бізде өзімізге жүктелген жауапкершілікті терең сезіне отырып, мемлекетіміздің дамуы жолында қоғамның саяси өміріне араласып, мәңгілік ел орнату жолында аянбай еңбек етеміз деп ойлаймын.

Жанат Шопанова

кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521