БИШІЛЕРІМІЗ –ҮЗДІКТЕ

Сурет би ұжымынан алынды

 

          Орал қаласындағы жастар мәдениет үйінде XI Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Волшебный микрофон» атты конкурс ұйымдастырылып, индерлік би ұжымдары өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Аталған конкурсқа Орал, Ақтөбе, Атырау облыстарынан барлығы 18 ансамбль қатысты.

Нәтижесінде «Индер Мәдениет» МКҚ кәсіпорны жанынан құрылған «Әсем-ай» үлгілі би ансамблі (жетекшісі: Әсем Изтаева) 7-9 жас аралығы бойынша «Африка» биімен «Гран-при»,whatsapp-image-2022-12-09-at-16_23_20

«Бойтұмар» би ансамблінің (жетекшісі: Шолпан Шүкірғалиева) орта тобы «Мереке думан» биімен Гран-при, кіші тобы «Көктем гүлі» атты қазақ биімен І орын, үлкен тобы «Еркелер» биімен І орын иеленсе,w

«Бекзат» би ансамблінің (жетекшісі: Гаухар Есімғалиева) кіші тобы «Елигай» атты қазақ биімен І орын, «Немец[1]кая полька» биімен ІІ орынға қол жеткізді.whatsapp-image-2022-12-09-at-16_39_19

Сонымен қатар, Әйгерім Азатжанқызы (жетекшісі Шолпан Шүкірғалиева) жеке орындауда «Ерке қыз» биімен І орынды жеңіп алды.

Конкурс соңында жеңімпаз би ұжымдары диплом, медаль, кубоктармен және жетекшілері арнайы дипломмен марапатталды.

 Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT