Бір елміз, тағдырымыз да бір

Қазақ даласына алғашқы депортацияға ұшырап келген халықтардың бірі поляктар екен. Индербор кентінің тұрғыны Дубицкий Герман Геннадиевичтің де аталары осындай дүрбелең кезді басынан өткізген.

- Атам да, әжем де нағыз поляк болатын. Олардың тағдыр тәлкегіне түскенін әкем айтып отырғанымен, оған кезінде жете мән бермеппіз. Әкемнен бастап құжатына ұлты поляк деп жазылмапты. Қуғынға ұшырап келгендіктен оған мәжбүр болған болар деп ойлаймын. Мен де қазір поляк ұлтынан екенімді білдіретін Дубицкий атты фамилиям ғана болар. Орыс мектебінде тәрбиеленіп өстік, полякша білмеймін.

Польша, Украина жағында жақындарымның бар-жоғы жөнінде еш хабарым жоқ. Оларға ендігі жат болып кеттік қой. Рас, Ресейдің Иваново қаласында әкемнің қарындасы тұрады. Бізді сол жаққа шақырады. Бірақ Қазақстаннан, өзімнің туған жерім Индербордан артық жер жоқ маған. Көршілерімнің арасында орыстар да, қазақтар да бар. Бізде көп қатарлы үй емес, ауламыз іргелес көрші болғандықтан бәрімен тату-тәтті тұрамыз. Біз бір елміз, тағдырымыз да бір, -дейді Герман Геннадиевич.

Кейіпкеріміздің әкесі Геннадий Алексеевич сол қуғындау кезінде, яғни 1936 жылы дүниеге келіпті. Индерге 1960-шы жылдары жұмыс бабымен көшіп келген. Осында ДСУ-38-де механизатор болып еңбек етіп, 1996 жылы өмірден өтіпті. Бүгінде кейіпкеріміздің отбасында Анна атты жұбайы, Мария, Максим атты ұл-қызы бар.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз