Мемлекет пен қоғамның игілігі жолында аянбай тер төгіп, бүгінде кемел келешектің тұтқасын ұстар жас буынға бағыт-бағдар беріп жүрген ақылман ақсақалдың төрімізден орын алуы біз үшін – зор мәртебе.
Солардың бірегейі Индер, Исатай аудандарының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Қатимолла Ризуанұлымен «Дендер» газеті редакциясында «Ел боламын десең...» айдары аясында бүгін тағылымды кездесу өтті.
1978-1988 жылдар аралығында Индер ауданы партия комитетінің ІІ хатшысы қызметін атқарған ардақты жанмен кездесуде ғибратты әңгіме айтылып, қазақтың дәстүрлі әндері шырқалып, шара қонақтарының ақ тілектері ақтарылды.
“Дендер-Ақпарат”



