Бейбіт атом реакторлары – әртүрлі сала үшін қажеттілік

Көп адамдар атом реакторлары тек электр энергиясын өндіру үшін қолданылады деп есептейді. Шын мәнінде бұл пікір дұрыс емес. Атом энергиясы әртүрлі салада – ғылымда, медицинада, өнеркәсіпте және тіпті жартылай асыл тастарды бояу үшін де пайдаланылатынын атап айту керек. Мәселен, түссіз топаз атом реакторына түскеннен кейін нейтронды сәулелендіру арқылы көк түске боялады. Зергерлік дүкендердегі асыл тастардың 90 пайызы атом энергиясының көмегімен түрлі түске енеді. Бейбіт атом реакторының бұдан басқа да пайдалы тұстары көп. 

Бұл туралы Алматы қаласындағы Ядролық физика институты нейтрондық физика зертханасының аға ғылыми қызметкері Қылышбек Тұрлыбекұлы айтып берді.

Ғылыми қызметкердің айтуынша, Алматы қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Ядролық физика институтында 55 жылдан астам уақыт бойы су, су зерттеу атом реакторы жұмыс істеп келеді. Реактор тек ядролық физика саласындағы ғылыми зерттеулер мен түрлі материалдарды реакторлық сынақтардан өткізу үшін ғана пайдаланылмайды. Аталмыш реактордан медицина үшін редиоактивті изотоптар алынады. Бұдан қатерлі ісік ауруларын дагностикалау және емдеу үшін өмірлік маңызды бірнеше препарат дайындалады.

– Сонымен қатар қатерлі ісік жасушаларын анықтауға қолданылатын генераторлар алынады. Йод 131-ден қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеу үшін натрий йодиді алынады. Бұл препараттар дайын болған соң Қазақстанның барлық медициналық мекемелеріне жетікізіледі. Сонымен қатар бұл препараттардың арқасында жыл сайын 300 мыңнан астам адам қажетті ем алып, тиісті процедуралардан өтеді. Қазір атом реакторларынан өндірілетін радиоактивті препараттар қатерлі ісіктерді диагностикалау және қалқанша безінің ісігін емдеудің жалғыз тиімді құралы болып табылады. Ядролық зерттеу реакторы атом реакторындағы медициналық изотоптардан басқа өнеркәсіптік көздерді өндіру үшін изотоптар шығарылады. Мұндай көздер өнеркәсіптік нысандардың жабдықтары мен құбыр желілерінің сапасын бақылау үшін радиографияда қолданылады. Олардың көмегімен металл объектілерде жұмыс барысында жабдықтың бұзылуына әкелуі мүмкін ақаулардың бар-жоғын анықтауға да болады, — дейді Қылышбек Тұрлыбекұлы.

Айта кету керек, кәсіби маманның сөзінше, атом реакторлары өнеркәсіптік көздерді пайдалануда мұнай, газ құбырларының бұзылуы сияқты әртүрлі төтенше жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521