Басынған бағаға бақылау

сурет ашық дереккөзден алынды

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 15 желтоқсанында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде еліміздегі қордаланған мәселелердің бірі азық түлік бағаларын негізсіз өспеуін қатаң қадағалауды тапсырған болатын. Сол жиында Президент: «Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы бес жылдағы ең төменгі деңгейде тұр», –деп ел Үкіметіне нақты міндеттерді жүктеген.


     Баға саясатына әлемдік геосаясаттың да кері әсерін тигізіп отырғаны жасырын емес. Әсіресе, Украина мен Ресей арасындағы жанжалдың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізіп отырған залалы туралы отандық экономист мамандар ұдайы айтып, тиісті шаралар қабылдау қажеттігін көтеріп келеді.
     Елімізде ең төменгі жалақы биыл 70 мың теңгеге арттырылса, кейбір бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы да өсуде. Десек те, қалтаға түскен жалақыны нарық бағасы қағып алып тұр.
Біз орталықтағы «Лидер» сауда орталығына барғанымызда, орталықтың аудандағы өкілі Алтынай Какишева арнайы бекітілген 19 түрлі азық-түлік бағалары Үкімет бекітіп берген бағада сатылып жатқанын атап өтті. Атап айқанда, халыққа ең алдымен қажетті майлылығы 2,5 пайыз сүт 395 теңгеден, 1 литрлік күнбағыс майы 865 теңгеден, 2 келі 390 грамм күріш 1192 теңгеден, 880 грамм күріш 199 теңге 7 тиыннан, 2 кг күріш 457 теңгеден, 1 кг 506 граммдық макарон 463 теңгеден, 2 келілік 072 грамдық қарақұмық 1249 теңгеден са тылып, 1 сортты 2 килолық 014 граммдық астық 457 теңгеден сатылуда.
    Ал орталықтағы ірі сауда орындарының бірі «Талап» базарының директоры Ақжібек Сабырғалиева мүмкіндігіне қарай азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін кәсіпкерлер арасында тиісті түсінік жұмыстары жүргізіліп тұратынын айтты.
Нарықтағы баға бәсекесі кәсіпкерлердің өздеріне де оңай тимей отырғаны жасырын емес. Солардың бірі азық-түлік дүкені арқылы халыққа қызмет көрсетіп отырған Мәншүк Ерманова есімді замандасымыз да осы шындықтың бір ұшын шығарды.
    – Ешбір кәсіпкер негізсіз бағаны өсірмейді. Біз қажетті азық-түлікті Атырау, Орал қалаларынан тасымалдаймыз, делдал дар арқылы да алдырамыз. Ол жақтағы баға құны да мәз емес. Аз-кем үстеме қосамыз. Біздің де өзіндік шығындарымыз бар емес пе? Қара аспанды төндіретіндей баға өсіруге біздің де ар-ұятымыз жібермейді,– дейді.
    Бағаны бақылауда ұстауда жергілікті атқарушы биліктің де аянып қалмай отырғаны ақиқат. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абай Абдиров біраз жайды қаперлеп өтті.
    – Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасына және қорына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Аудан бойынша 113 азық-түлік тауарларын сататын дүкен бар. Былтыр жергілікті тауар өндірушілермен бірге БҚО және Атырау қаласының кәсіпкерлерін тарту арқылы 64 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 23 млн. 523 мың. теңгенің өнімі сатылды. «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік кор порациясымен келісім-шарт арқылы «Ли дер» халықтық дүкені арқылы 14 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сауда саттық нүктелерінде нарық бағасынан 10- 15% төмен бағамен сатылуда, – дейді Абай Қаденұлы.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде азық-түлік бағасын тұрақтандырудың тағы бір жолын көрсетіп берген еді. «Азық-түліктің бағасы жыл мезгіліне қарай қатты өзгереді. Күзде сутегін нәрсе көктемде шарықтап шыға келеді. Мұның шешімі біреу ғана қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр. Былтыр 83 мың тонна өнім сақтайтын қойма салу жоспарланғанымен, оның 64 мыңы ғана пайдалануға беріліп, жоспар 77 пайызға орындалған. Биыл бұл жұмыс біршама жандана түсті. 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып соның, 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылды. Дегенмен, бұл бағыттағы шаруаны әлі де ширата түсу керек. Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты екенін түсіну қажет»,-деп атап өткен-ді.
  Осы тапсырма аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Индербор кентінде егін өнімдерін сақтау үшін сиымдылығы 30 тонна болатын көкөніс сақтау қоймасы ашылған көрінеді.


Сұңқар ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521