Баспасөзге жазылу күні ұйымдастырылды

«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен аудандық пошта торабында баспасөзге жазылу күні өтті.

 Шараны аудандық пошта торабыдиректорының орынбасары Нұргүл Ғаббасова ашып, оның маңызына тоқталып өтті.

Бұл күні Республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», облыстық  «Атырау» және аудандық «Дендер», тағы басқа да басылымдарға жазылу жоспарланған. Алғашқылардың қатарында кент тұрғыны Тұрлан Жақсымбетов болды.

-Ақпарат алу кеңісітігі кеңейгенімен баспасөзге ұдайы жазылып тұрамын. Мүмкіндігіне қарай мен «Казахстанкая правда» газетіне 1 жылға толық жазылып отырмын. Өзге де басылымдарға алдағы уақытта жоспарымда бар. Оқырманмен байланысты жандандыру үшін қолға алынған шараның маңызы зор деп санаймын. Жерлестерімді баспасөзге жазылуға шақырамын.  Газет өмір айнасы екенін өмірдің өзі-ақ дәлелдеп келеді емес пе, -дейді оқырман өз сөзінде.

Баспасөзге бірінші болып жазылған азаматқа пошта торабының атынан ескерткіш сыйлығы табыс етілді.

Жазылу жалғаса бермекші.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521