"Барлаушылық" тұрғындар да белсенді

 

Индербордағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте ✓110-шы сайлау учаскесі орналасқан. Учаске негізінен кенттің осы"Барлаушылар" мөлтек ауданының көшелерінің тұрғындарын қамтиды.
Учаскеге ең алғаш болып кенттің байырғы тұрғыны Орынбасар Ақмұрзин келіп дауыс беріп, учаскелік комиссия төрағасы Айман Меңдігереева көптің алдында естелік сыйлық табыс етті. Содан соң Дәурен Рашев, Жарылғап Габдуллин, Мейрамгүл Сахиева, тағы басқа да сайлаушылар даусын бере бастады.
—Сағат 12.00-де 636 сайлаушы дауыс беріп үлгерді. Бұл учаскедегі барлық сайлаушының 39,2 пайызын құрайды. Әсіресе, сағат 10-11-лердің шамасында сайлаушылардың қатары көп болып, кезекте қалыптасып қалды. Ал түске таман кішкене саябырсыды, — дейді учаске төрағасы Айман Қалымқызын сөзге тартқанымызда.
Жалпы бұл учаскеде 1630 сайлаушы тіркелген болатын.
С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521