Банкроттық рәсімдер бойынша өтінім қабылдау басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған болатын.

Аталмыш Заң наурыз айының 3-інен, яғни бүгіннен бастап күшіне енді. Осыған орай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мейрамбек Шманов бастаған басқарма мамандары аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде болып, тұрғындарға жаңадан қабылданған заңның ерекшеліктері мен талаптарын түсіндірді.

– Қолданысқа енгізілген жаңа заң еліміздің Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Бұл Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады. Заңға сәйкес азаматтардың банкроттық рәсімдерінің 3 түрі қарастырылған.

Атап айтқанда, соттан тыс банкроттық (банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы қарыз 5,5 млн. теңгеге (1600 АЕК) дейін, сот банкроттығы (қарыздың қалған түрлері бойынша (сомасына қарамастан) 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) астам және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (борышкер мүлкінің құны барлық қарыздардың мөлшерінен аспайды).

Борышкер белгіленген нысан бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жазбаша (қағаз немесе электрондық) нысанда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз бере алады.

Уәкілетті органның соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі борышкер туралы мәліметтер "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған күннен бастап алты айды құрайды, -деді басқарма басшысы Мейрамбек Шманов.

Аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әсет Бейімбеттің айтуынша, 2 жеке тұлға өз өтініштерін беріп үлгерген. Алдағы уақытта азаматтардың өтініштері бойынша тиісті шешімдер қабылданады.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521