Бала тәрбиесі - өзекті

Президент Қ.К.Тоқаевтың "Бір елде тұрып, Отаны бір мұсылман баласының бір-бірін сыйламауы, тыңдамауы жақсылыққа апармайды. Бұл - еліміздің егемендігіне үлкен қауіп" деген ұрпақ тәрбиесі әрбір адамды ойландыратынын рас.

Ол отбасының, әулеттің жалғасы, жалпы ұлттың болашағы саналы ұл, ойлы ұрпақ болуы үшін, алдымен шаңырақтағы ұл тәрбиесін түзеуге ұмтылу керек. Отбасын қорғау арқылы ұл туған жерін, Отанын қорғауға жетіліп, саналы азамат бола алатындығын, ол үшін әр ұл өзіне, ортасына, айналасына көзқарасын түзеп, жауапкершілігін, парызын дұрыс түсініп, жүрегімен жіті сезіне білуге әбден шыңдалып, жетілгені жөн.

Шынында да "мен осы өз қоғамымыздың болашағы жарқын бола түсуі үшін не істеп жатырмын?" деген өзекті сауал әр саналы жанды мазаласа оңды болмақ.

Ұлы Абайдың: " Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз",-дегенді өз заманында-ақ айтып кеткен ойшылдың тұжырымы әлі күнге маңызын жоймай келе жатуы да тегіннен-тегін емес қой. Саналы ұрпақтың сапалы қоғамның шынайы да адал, мақсаты айқын азаматы болуы үшін тек жастар ғана емес, Һәм барша аға буын өкілдері де үлкен жауапкершілікпен, жоғары белсенділікпен осы жауапты міндетті шешуге біркісідей ұйымшылдықпен атсалысулары керек-ақ.

Сол себепті балабақша, мектеп, қоғам болып ортақ та игі мақсатты іске асыруға барынша үлес қосуға шақырамын.

Серікқали ЖҰҚИЕВ,

Индер ауданының белсенді ардагері.

Сурет дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521