БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

Қазір қоғамды алаңдатып отырған жайттардың бірі ұрпақ тәрбиесі екені баршаға мәлім. Жаһандану дәуірінде олардың тәрбиесі тіптен шиленісіп кеткені жасырын емес. Соңғы уақыттарда облыста орын алған жағдайлар осындай ойларға жетелеп отыр.

Мен М.Әуезов атындағы орта мектепте өткен «Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы» атты ата-аналар жиналысына қатыстым.

Онда қазіргі таңда мектеп оқушыларының арасында кеңінен таралған электронды темекі шегу жайттарының орын алуы, пталған тауардың дүкендерде ашық түрде сатылуы сөз болды. 

Сонымен қатар, осы электронды темекімен қоса, энергетикалық сусындар ішу, ұнтақ түріндегі шырынды алақанға салып жеу фактілері  кездесетіні айтылды. 

Бала – біздің болашағымыз десек, ата-аналар балаларымыздың қайда жүргенін, кіммен жүргенін қадағалап, телефондарын тексеріп отыруды, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін көшеде кездескен бейтаныс адамдардан ешнәрсе алмауға, бейтаныс адамдарға ілесіп, белгісіз бағытқа бармауға, үйде жалғыз қалғанда есікті мұқият құлыптап, келген бейтаныс адамдарға жалғыз екенін білдірмеуге тиіс екендігін түсіндіріп жүруіміз керек екенін ұмытпайық.

Мектеп жасында құқық бұзушылық жасаған баланың арнайы тіркеуге алынып, оның арты үлкен өкінішке соқтыратынын да ескертуіміз қажет. Бір рет арнайы тіркеуге алынса, ол өмір бойы алдынан шығатынын, ертең-ақ өсіп, өмірден өз жолын тауып, жұмысқа орналасу кезінде үлкен кедергі тудыратынын, яғни бір кішкене қателіктің кесірінен сан соғып қалмау үшін ескертіп, балаларымызға айтып отырғанымыз артық етпейді.

 

Шолпан ТІЛЕКОВА,

Индер аудандық ата-аналар көмитетінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521