«Бала деген бір бақыт»

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық балалар кітапханасына «Бала деген бір бақыт» тақырыбында шара өтті. Мерекелік «Райхан» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері қатысып, ертегіден көрініс қойса, кітапхана оқырмандары балалар шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Шара соңында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Болған Темірболатова қонақтарға алғысын білдіріп, «Райхан» бөбекжай-бақшасының «Еркем-ай» балалар театрына аудандық орталық кітапхана директоры Д.Аренованың қолы қойлыған алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, «Аманат» партиясының Индер аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дәурен Сағынғалиев демеушілердің атынан балаларға тәттілерден құралған жиынтық сыйлады. Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521