«Бақытты отбасы – бақытты ел»

 

Республика көлемінде 2025 жылдың 27 тамыз – 10 қыркүйек аралығында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты акция өтуде.

Бұл шараның атауының өзі терең мәнге ие. Себебі отбасы – қоғамның ең кішкентай бөлшегі болғанымен, оның тыныштығы мен татулығы тұтас мемлекеттің дамуына ықпал етеді. Ұлттың болашағы саналатын балалардың бойындағы мейірім, адамгершілік, жауапкершілік секілді қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасады.

Қазіргі заманда әйел заты бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп отырса да, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналып, өз құқықтарын толық білмегендіктен қысым көруде. Бұл – қоғамды алаңдататын, күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Осыған байланысты акция аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мамандар тарапынан кеңестер берілуде.

Акция барысында тек әйелдер мен балаларды қорғау ғана емес, жалпы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, татулық пен сыйластықты насихаттау басты назарға алынған. Өйткені шаңырақтағы ынтымақ – елдің бірлігі мен берекесінің кепілі. Әке мен ананың өзара сыйластығы мен сүйіспеншілігі – баланың болашаққа сеніммен қарауына жол ашады.

«Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы қоғамның ең өзекті мәселелерін көтере отырып, әрбір жанұяға ой салуды мақсат етеді. Бала тәрбиесінің бастауы – берекелі отбасы, ал берекелі отбасының бастауы – махаббат пен сыйластық екенін еске салады.

  Алтынай Айтбайқызы,

Индер ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT