БАҚ өкілдері марапатталды

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 28 маусым күні облыстың қаламы қарымды бірқатар журналистері «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалы директорының арнайы алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Мемлекеттік корпорация тарапынан орын алатын тың өзгерістер мен айтулы оқиғалар, жаңалықтар легі жыл бойы үздіксіз жергілікті БАҚ құралдарында жарық көріп, халыққа қаз-қалпында, дер уағында жеткізіліп отырды. Бұл орайда, қоғам мен билік арасындағы алтын көпір боп саналатын журналистердің еңбегі зор. 

«Әдетте, түрлі тақырыпқа қалам тербейтініміз рас. Десе де, халық үшін ең  маңызды ақпараттар орын алатын Мемлекеттік корпорациядан жететін ақпарды жариялауға қашан да асықпыз, әрі, кез-келген ұсынысқа ашықпыз. Өйткені, ел қашан да пайдалы жаңалықтардан құлағдар боп отыруы қажет. Барша әріптестерімді мерекемен құттықтаймын», – дейді Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің тілшісі Сағыныш Қайыр.

Айта кету керек, марапатталғандар тізімінде облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің редакторы Бекарыс Төлеген, Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің редакторы Гүлдана Бралиева, Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің редакторы Жанат Мырзағалиева, Индер аудандық «Дендер» газетінің редакторы Ақмарал Бокирова, Жылыой аудандық «Кең Жылыой» газетінің редакторы Жансая Әбдікәрімова, сондай-ақ, әр аудандардағы әкімдік сайтының веб-редакторлары бар.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521