Бөкей ордасы тарихи - музейіне саяхат

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жақында ауданымыздың ардагерлері мен жастары Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылына барып, «Бөкей ордасы тарихи-музейі кешеніндегі» тарихи құнды жәдігерлерді тамашалап келді.

Тарихқа көз жүгіртсек, ХІХ ғасырда салынған Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені Орда ауылының Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Мұнда Хан Сарайы, 1867 жылы ашылған Казначейчество, 1868 жылы ашылған Тарғын учаскелік және 1883 жылы ашылған қыздар мектебі сынды тарихи-архитектуралық және 1835 жылы салынған хан мешітінің негізінде қалпына келтірілген мешіт ғимаратынан құралған. Кейін 1962 жылы Орда тарихи-революциялық музейі қоғамдық негізде құрылып, 1967 жылы мемлекет қарамағына алынып, алғаш директоры болып А.Ю.Тажетдинов қызмет атқарған. Ал 1997 жылы Бөкей ордасы тарихи музейі болып өзгерді. Мұнда 12 экспозияция залы болса, 2001 жылдан бастап «Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені» болып атауы өзгерген.

Экскурция жүргізушісі Алихан Каримов Бөкей хандығының тарихымен терең танысып, белгілі тұлғалардың басына тәу ету мақсатында Хан ордасы ауылына алыс-жақыннан арнайы ат арытып келушілердің қатары еш толастаған еместігін айтады.

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 27.09.18 ж. №39 (8190) санынан оқи аласыздар.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика