Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты аукционға қатысты өтініш қабылдау басталды

Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізуге арналған өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жер қойнауы пайдалану құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукцион өткізуге арналған өтінішті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ электрондық аукциондар операторының сайтында бере алады (www.gosreestr.kz). ҚР Энергетика министрлігімен келісілген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы бұйрығымен Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілді, оған аукцион негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін 60 жер қойнауы учаскесі енгізілген», - делінген Энергетика министрлігі мәліметінде.

Аукционды өткізуге арналған өтініштер қаралғаннан кейін ,ҚР Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион өткізу туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) жарияланады.

«Хабарламада сіздер мынадай ақпараттармен таныса аласыздар: географиялық координаттар, қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері, барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптар және олардың бағалау құны туралы, сондай-ақ аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімдері, аукционды өткізу күні мен уақыты. Аукционға қатысуға арналған өтініштер Энергетика министрлігінің сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде қабылданады (Кодекстің 95-бабының 4-тармағы). Аукционды өткізу күні хабарламада көрсетіледі», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында. 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика