Қазақстанда 9 млн адам тегін оқыту курстарымен қамтылады

Қазақстанда 9 млн халық ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тегін оқыту курстарымен қамтылады.
Бұл туралы министрлік мәлімдеді деп хабарлайды ATPress.kz.
Біріншіден, тегін оқыту курстарымен қамтылатын еңбекке қабілетті азаматтар санын бірнеше есе арттыру жоспарланған.
Егер бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желісі бойынша азаматтардың жекелеген санаттары ғана оқытылып келсе (бұл шамамен жылына 500 мың адам), енді әлеуметтік санаты мен мәртебесіне қарамастан еңбекке қабілетті жастағы барлық азамат қамтылады (бұл 9 млн адамға жуық).
Атап айтқанда, мемлекет жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жұмыссыздар мен халықтың жекелеген нысаналы санаттары үшін қысқа мерзімді тегін оқыту курстарын ұйымдастыратын болады. Бұл ретте оларға оқытудың түрлі форматтары, оның ішінде skills.enbek.kz платформасында онлайн оқытуды ұсыну көзделуде. Бүгінгі күні бұл платформада 151 курс орналастырылған, оның 97-нен тегін өтуге болады.
Министрлік мәліметі: «Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жаңа технологияларды енгізуді немесе жаңа өндірістер ашуды ескере отырып, біліктілікті арттыру, қайта бейіндеу курстарын ұйымдастырады. Оқыту жұмыс берушінің таңдауы бойынша жұмыс орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарының базасында өтетін болады.
Азаматтар әлеуметтік мәртебесіне байланысты мемлекет немесе жұмыс берушілер ұйымдастыратын тегін курстардан өте алады немесе ақылы курстарды өз қалауы бойынша таңдай алады».
Екіншіден, еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқыту сапасын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдау көзделіп отыр. Ұлттық біліктілік жүйесін қайта жүктеу осыған бағытталған.
Министрлік мәліметі: «Жұмыс берушілер кәсіптік стандарттар арқылы білім беру бағдарламалары жаңартылатын жұмыс күшінің дағдыларына талаптар қоятын болады. Кәсіби біліктіліктерді тану орталықтары кәсіби біліктіліктерді, оның ішінде ресми, бейресми және информалды білім беру арқылы алынған мамандардың жекелеген дағдыларын бағалайды және тиісті сертификаттар береді».

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика