Автокөлігіңді өрт шалмасын десең

Аудан көлемінде 2020 жылы басынан автокөліктердегі өрттер көп тіркелуде.


         Осы ретте, Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі автокөліктердегі өрт, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, төмендегі шараларды қатаң орындауды ұсынады:
         — электр тоқ жүйелері және қондырғылары зауыттан шығарылған болуы тиіс;
         — қозғалтқыш пен астынғы қорғағыш жанармайдан таза болуын қадағалап, майдың төгілуіне жол бермеу керек;
         — автокөлік ( жеңіл автокөлік-ОП-1, «Газел» автокөліктері-ОП-3, автобустар-ОП-5 және алысқа жол жүретін автобустар ОП-5 -2 дана) отбасқыштармен қамтамасыз етілсін;
         — аккумулятордан электртоғын ажырататын қондырғы (трамблер) ақаусыз жұмыс істеуі керек;
         — жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізішісі өрт-техникалық минимумнан өтуі керек.
Қатаң тиым салынады:
         — қозғалтқышты ашық отпен (паяльная лампа) қыздыруға;
         — қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға;
         — жанармай құю станциясында жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;
         — автокөлік ішінде темекі шегуге;
         — автокөлік ішіне жанармайдың бос ыдыстарын сақтауға немесе жинауға;
         — аккумуляторды автокөлік ішінде зарядтауға;
         — қозғалтқышты бензин немесе дизель маймен жууға;


         Есіңізде сақтаңыз !
         Автокөлік жүргізушілері! Адам өміріне қауіп төндірмеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық. Өрт-тілсіз жау екенін ұмытпаңыз !

 А.Бақытов,

Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің  инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз