Автобустың алғашқы жолаушылары келді

Бүгін Индер ауданынан облыс орталығына қатынайтын қос жаңа автобус жолға шығып, алғашқы жолаушыларын тегін тасымалдады.

«Лаватранс» ЖШС мекемесінің тасымалдауымен жүзеге асатын жаңа автобустар 49 орынға лайықты. Бұған қоса, темір тұлпардың іші жарық әрі кең, отыруға да ыңғайлы етіп жабдықталған.

dsc_1639

Айталық, таңертең 7:00-де кент орталығынан қозғалған автобус екі сағат ішінде Атырау қаласына барып, кешкі сағат 17:00-де сол бағыттан қозғалып, ауданға 19:00-де жетті. Ал автобустың алғашқы жолаушыларын аудан әкімі Мейірім Қалауи күтіп алып, көңілдерін сұрап жатса, жолаушылар да жаңа қоғамдық көлікке оң бағалаларын берді. Солардың бірі кент тұрғындары Сейіт Сисенғалиев пен Үміт Бекмұратова. Олар осындай автобустар шығарған аудан әкімшілігіне шексіз ризашылығын білдірді.

dsc_1631

-Өте жақсы келдік. Бұл халыққа тиімді деп ойлаймыз. Автобустың іші таза әрі кең. Сондықтан осындай автобустардың көп болса екен. Тұрғындарды жаңа автобуспен қатынауға шақырамын,-дейді. Осылайша, тұрғындарға тиімді автобустар әр күн сайын жолға шығатын болады.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз