Ауылға жағдай жасалуда

Бүгін Президент Қ.Тоқаев Ақордада еліміз үшін ерен еңбек сіңірген бір топ азаматтарға мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар табыс етті. Әрине, ол қызмет барысында жүрген азаматтарға шабыт сыйлап, жігерлендіретіні белгілі.  Осы жүздесуде Президент баршаны Республика күнімен құттықтап, сөз сөйледі. Соның ішінде Президент: «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы басталды. Осы жобаның аясында 655 амбулатория және фельдшерлік-акушерлік нысан салынады, құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Бұған қоса 20 ауданаралық көпбейінді емхана ашылады, ал 12 емхана заман талабына сай жаңарады. Яғни, төрт миллионнан астам ауыл азаматына сапалы дәрігерлік қызмет көрсетіледі", - деп атап өтті. Бұл ауылдағы ағайын үшін жақсы хабар. Мысалы, біздің Индер ауданында 12 мемлекеттік денсаулық сақтау нысандары болса, бұған қоса бірнеше жеке бөлімдер бар. Президент айтқан ұлттық жобаға сай келесі жылы Есбол ауылынан дәрігерлік амбулатория салынады. Бұл үлкен ауыл үшін өте қажет нысан. Сондықтан Президент бастамалары еліміз үшін маңызды деп ойлаймын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521