Ауылдық округтерде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде

Индер ауданының Есбол округіне қарасты Ынтымақ ауылының кірме және ауылішілік көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер мекеме – «Қалдығайта» ЖШС-і. Қазіргі таңда 3 км болатын кірме жолына және Сейітов, Бөзекенов, Төремұратов көшелеріне 116 бағана, 1 дана ктп-63 орнатылды. Енді ұзындығы – 4990 м 214 заманауи LED шамдары қондырылады.

2222

Ауылдық округ әкімі А.Рамазановтың айтуынша, ауыл көшелерін жарықтандыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көше жарығының диодты шамдары орнатылып жатыр. Жоспарға сәйкес жарықтандыру жұмыстары тамыз айында аяқталады.

11111

Айта кетейік, ағымдағы жылы Жарсуат, Елтай, Есбол ауылдық округтеріне де жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Индербор кентінің, Бөдене және Өрлік ауылының жарықтандыру жұмыстарының жобалары жасақталып, мемлекеттік сараптамаға енгізілуде. Сараптамадан шыққаннан кейін, қаржының бөлінуіне орай құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Индер ауданы әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз