АУДАН ӘКІМІ СЕРІК НЫСАНБАЕВТЫҢ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАСЫНДА ЕСЕП БЕРУІ ӨРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕН БАСТАЛДЫ. ЖИЫНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ АБЗАЛ РАМАЗАНОВ СӨЗ СӨЙЛЕП АШТЫ.
– Өрлік ауылындағы 18 көшеге 12 300 метр көше жарығы жүргізілген. Қазіргі уақытта оның 12 көшесіндегі жалпы ұзындығы 8 500 метр бола тын көше жарығы желілері қайта жаңғыртуды қажет етеді. Аталған жұмыстарды келешекте мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетігі арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Ал тұрғын үй құрылысы үшін та бысталатын 100-ге жуық жер телімі инженерлік-инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта салалық мекемелердің теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы жылдың І жартыжылдығында кезектегі тұрғындарға жер телімдері табыста латын болады, – деді аудан басшысы Серік Бағытжанұлы. Осыған дейін өткізілген тұрғындар жиынында айтылған ұсыныс-пікірлерге «Бағырлай», «Ақсай» каналдарын тереңдету, тазалау, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша тоқталып өтсек. Көктоғай ауылдық округі аумағындағы 80 шақырымдық «Ақсай» каналына жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталды. Мердігер мекеме –«Гидроқұрылыс» ЖШС. Жоба құны – 1 105 083 680,96 теңге. Бүгінгі күнде каналды тереңдетіп қазу және көпірлер салу жұмыстары толығымен аяқталды. Индербор кенті және Бөдене ауылдық округі аумағындағы ұзындығы 64,7 шақырым «Алғабас-Жорық» каналына 2024 жылы жай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Дәрі», «Ба зарбай» су тоғандарына су жеткізілді. Бүгінде каналды тереңдеп қазу, жал дарын биіктету жұмыстары толықтай аяқталды. Есбол, Елтай ауылдық округі де назар аударып өтті. Айталық, ауылдағы Насыр молда көшесінің сыртындағы зиратты қоршау бой ынша үшін ЖСҚ демеушілік арқылы жасақталуда. Мердігердің толықтай жасақтап, сараптамадан өткізіп, жыл соңына дейін толық дайындап беретіндігі жөнінде келісімі бар екен. Сонымен қатар «Құрайлы-Сай», аумағында орналасқан 125 шақырымдық «Бағырлай» каналын жөндеуге кон курс өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме – «Толағай 2050» ЖШС. Жоба құны – 1 051 962 228,80 теңге. 2024 жылдың мамыр айында каналды қазу жұмыстары басталды. Бүгінде каналдың 87 шақырымын тереңдетіп қазу жұмыстары аяқталды, құбырын жер астымен өткізу бойынша қазіргі уақытта қажетті материал дары алынуда. Жұмысын газ мекемесі жүргізбек. Жаңадан салынатын қоқыс полигонын қоршау үшін сметалық құжаттамасы жасақталды. Кезекті мәслихат сес сиясында қаржы көзіне сұраныс берілмекші. Тұрғындар жиынында ауыл шаруашылығы саласының ардагері Жолдасқали Нұрсұлтанов, аудандық мәслихат депутаты, «Нұрет» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Илияс өз сауалдарын қойып, жауаптарын алды. *** Аудан әкімі ауданның Самар жақ беттегі кіреберіс қақпасы болып сана латын Көктоғай ауылындағы есеп бе руде бірқатар мәселенің атқарылғанын атап өтті. қалған бөлігін жөндеу үшін ЖСҚ-на түзетулер енгізілуде. Жарсуат ауылдық округіне қарасты «Құрайлы сай» каналы 1984 жыл дан бастап жұмыс жасап тұр. Ол да жөнделді. Құны 685 450 000 теңгені құрайтын жобаны «Гидроқұрылыс» ЖШС жүргізген. 2023 жылдың тамыз айында каналды қазу жұмыстары ба сталды. Қазіргі уақытта каналдың 53 км ұзындығынан 39,8 км жеріне қазу жұмыстары жүргізіліпті. Ауыл тұрғындарының көшу фак торын азайту мақсатында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін ауылдық округтер аумағынан тұрғын үйлер салу мәселелерін пысықтау жұмыстары жүргізілмек. Қазіргі уақытта 5 үй (10 пәтер) салу үшін жер телімі анықталды, әзірге уақытта жерді заңдастыру жұмыстары жүргізілуде екен. – Ауылдағы Қ.Абақанов атындағы орта мектеп жанынан жапсаржай салу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныс енгізсін. Мектептің жанынан жапсар жай салу үшін жер учаскесі бөлініп, тиісті мемлекеттік актісі алынды. Алайда бұл мәселе әлі де зерделеуді қажет етеді,-деді аудан әкімі. Балабақша құрылысына тұрғындардың ұсынысына сәйкес ескі Қ.Абаханов атындағы орта мектебінің орны таңдалып, жер телімі облыстық құрылыс басқармасының теңгеріміне рәсімделіп беріліпті. Халел имам көшесіндегі төрт үйдің шарбағынан өтіп жатқан газ желісі – Көктоғай ауылында жалпы 20 көшеге 12 241 метр көше жарығы жүргізілген. Қазіргі уақытта оның 16 көшесіндегі жалпы ұзындығы 7 803 метр болатын көше жарығы желілері қайта жаңғыртуды қажет етеді. Аталған жұмыстарды келешекте мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетік арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Аудан көлемінде иесіз жүрген бұралқы иттерді аулау бойынша 2025 жылға мердігер мекеме «Forwart Star» ЖШС жеңімпаз атанған. Бөлінген қаражаты – 3 511 200 теңге (330 ит). Көктоғай ауылдық округі бойынша жыл басынан 9 бұралқы ит ауланып, вакцинацияланып, чиптелді,-деді ау дан басшысы. Бұдан бөлек Жайық жағасында орналасқан таза су қондырғысының І көтерілімді ретке келтіру жұмыстары үшін ЖСҚ (560 млн.тг) жасақталды. Мемлекеттік сараптамаға жолда уда жұмыстары жүргізілуде. Сарап тама қорытындысынан кейін қаржыға сұраныс берілмек. Ал 90 орындық балабақша құрылысын салу үшін С.Сейфуллин көшесі 88а ор нынан жер учаскесі таңдалып, ЖСҚ қайта жасақталған, балабақшаға ток көзін Өрлік ауылынан алатын болғандықтан, Өрлік ауылынан Көктоғай ауылына ток тарту үшін энергетика басқармасы арқылы ЖСҚ жасақталуда. ЖСҚ аяқталғаннан кейін балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға енгізілетін көрінеді. Сонымен қатар дене шынықтыру -сауықтыру кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарын «АРСМ» ЖШС жүргізіп жатыр. ЖСҚ-ға түзету жұмыстары енгізіліпті. Нәтижесінде 1 123 626 млн теңге қосымша бөлінген. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспар лануда. Қазіргі уақытта 80 пайызы аяқталған. Биыл облыстық бюджеттен 608 028,0 мың теңге қаржы бөлінген. Көктоғай ауылының Б.Нысанбаев атындағы орта мектебіне қосымша 120 орындық жапсаржайдың құрылысын «ГрандСтройСервис» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Қазіргі уақытта екінші қабаты қаланып, терезелері орнатылған. Мектеп ауласындағы Кеңес одағының батыры Боран Нысанбаевтың бюст белгісін биіктетіп қою демеушілік арқылы жүзеге асырылмақшы. Ардагерлер аллеясының сметалық құжаттамалары дайын. Қаржы бөлінуіне қарай жұмыстар жүргізілетін болады. Қос ауылда көтерілген ұсыныстар нәтижесіне жеткенге дейін аудан әкімінің тікелей бақылауына алынып, тиісті қорытынды жасалатыны белгілі болды. Аудан әкімі жиыннан соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Айтылған ұсыныс-пікірлерін заң ая сында шешу жолдары қарастырылмақ.
С.КӨШЕКОВ

