Бүгін мен үшін ерекше, толқынысқа толы күн болды. Астанада өтіп жатқан Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында еліміздің Президентінің сөзін тікелей тыңдау – үлкен мәртебе ғана емес, жүрекке әсер еткен үлкен мотивация болды.
Президенттің ауылды дамытуға қатысты айтқан әрбір пікірі, біздің еңбегімізге деген жанашырлығы, ауыл әкімдерінің жауапкершілігін сезініп, қолдауы – шынымен де жаңа күш, жаңа энергия сыйлады.
Бүгінгі кездесуден кейін «ауыл үшін қызмет ету» деген сөздің салмағын тағы бір мәрте терең түсіндім. Бұл – тек міндет емес, үлкен сенім.
Ауылдың күнделікті мәселесі, тұрғындардың үміті, олардың әр сұрағы – барлығы бізді алға жетелейді. Ал бүгінгі деңгейдегі қолдау – сол жолды нық әрі сенімді жалғастыруға үлкен серпін болды.
Осындай маңызды шараны ұйымдастырған "AMANAT" партиясына, әріптестеріме алғысымды білдіремін.
Қазір панельдік сессия өз жалғасын табады.
Бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, тәжірибемізді шыңдай түсейік!
Ауыл үшін! Халық үшін! Ертеңгі күн үшін!

#AMANAT
#АуылӘкімдері
#Форум
#ЖаңаСерпін

