Ауыл шаруашылығының үздіктері марапатталды

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні биыл Елтай ауылында өтті. Жыл бойы жемісті еңбек етіп, егін, мал шаруашылғының басы-қасында жүрген шаруагерлер бір уақыт салтанатты жиында бас қосты.

Аудан әкімі С.Арыстан ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиында «Үздік малшы» Құлетов Нұрсейіт (Жарсуат), «Үздік механизатор» Саламат Қыдырұлы (Жарсуат), «Үздік егінші» Ғалым Аян (Елтай), «Үздік мал дәрігері» Құспанов Оралбай (Көктоғай), «Үздік сауыншы» Алмағанбетова Роза (Бөдене), «Үздік шаруашылық» «Құлыншақ» ШҚ (Көктоғай) болып танылды. Ал аудан әкімінің алғыс хатымен Мұқанбетов Болат (Есбол а/о), Бақтыбай Парасат (Елтай а/о), Тұрақбаева Гулфара (Елтай а/о), Сабырғали Керімбай (Индербор кенті), аудандық мәслихаттың алғыс хатына Ғаббас Әбілхайр (Жарсуат а/о), Кашимов Самат (Есбол а/о), Қайыржан Аманжан (Көктоғай а/о) ие болса, Нұрғали Нұрлыбек Нұрғалиұлына (Елтай а/о) «М.Енбаева жүлдесі» табыс етілді.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз