Индер ауданында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен "Ауыл әйелі: "Бірлік. Даму. Болашақ" тақырыбында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы басталды.
Оның мақсаты ауылдық жерлердегі әйелдердің ролін талқылау, олардың көшбасшылық әлеуетін нығайту.
Әйел кәсіпкерлерді қолдау және ілгерілету, экспорт пен кооперация мүмкіндіктерін кеңейту, ұрпақтар сабақтастығы мен дәстүрлі құндылықтарын нығайту мақсатында ұйымдастырылған форум арнайы шерумен ашылды.
Шеруді аталар мен әжелер мектебі бастап шықты. Ауданда орналасқан өндірістік мекемелер мен шаруа қожалықтарының өндірген өнімдерден көрме ұйымдастырылды.
Сұңқар Көшеков