Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов аудан әкімдерін сайлау қалай өтіп жатқанын айтты

Бүгін Атырау облысындағы Исатай және Қызылқоға аудандарының әкімдерін сайлау пилоттық режимде өтуде. 

Исатайда 15 982 сайлаушыға арналған 15 сайлау учаскесі дайындалған.Қызылқоғада 19 сайлау учаскесі 18 884 сайлаушыға дайын тұр. 

Исатай ауданының әкімі болуға үміткерлер: Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы, 1977 жылы туған, Исатай ауылдық округінің әкімі. Сайлауға өзін өзі ұсынушы ретінде қатыспақ.    Мұқанов Рашид Тасанұлы, 1986 жылы туған, Исатай ауданы әкімінің орынбасары. «Қазақстан Халық партиясынан» үміткер.  Мусин Нұрым Бекежанұлы, 1980 жылы туған, Исатай аудандық мәслихат төрағасы. «AMANAT» партиясынан үміткер.

  Сондай-ақ, Қызылқоға ауданының әкімі болуға үміткерлер:  Жексенов Мағжан Абызұлы, 1972 жылы туған, Ойыл ауылдық округінің әкімі. Сайлауға өзін өзі ұсынушы ретінде қатыспақ.   Азмұханов Қанат Қадыржанұлы, 1981 жылы туған, Қызылқоға ауданының әкімі. «AMANAT» партиясынан үміткер.  Салықов Сәндібек Аманбайұлы, 1982 жылы туған, Миялы ауылдық округінің әкімі. Сайлауға өзін өзі ұсынушы ретінде қатыспақ. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521