Ауданда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

Мемлекет басшысы алдағы 2025 жылға дейін еліміз бойынша 25 мың шақырым жолды жөндеуден өткізу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта ауданда және ауылдарда жолдарды жаңғырту жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.

Әсіресе 3486 халық мекен еткен Елтай ауылында жаңадан жолдар салынып, ауыл тұрғындарын қуантуда. 

-Біздің ауылымызда үлкен бір өзгеріс, жақсы бастама болып жатыр. Осы жол мәселесі көптен бері ауылымызда әңгіме болып келе жатқан өте бір өзекті мәселенің біреуі еді. Жағдай жаман емес, қазір жақсы. Жол мәселесі үлкен проблема болды. Мәселені тұрғындар жиындарында аудан, облыс басшыларының алдына қойған болатынбыз. Ойлаған ісіміз оңынан болып, мәселе түбегейлі шешілу үстінде. Мемлекет басшысының саясатын лайықты жүзеге асырып отырған жергілікті басшыларға үлкен алғысымызды білдіргім келеді, - дейді ауыл ардагері Нәсіпқали Сағынов.

Жол құрылысына қажетті техникалар мен түрлі топырақ қоспалары мен асфальт лезде жеткізіліп отырған көрінеді. Бұл бағытта ауыл әкімі Олжас Хасанов құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауды жолшылардан сұрап отырғандарын айтады.

Жалпы аудан бойынша барлығы 364,9 км жол болатын болса, оның 82 шақырымы республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолына кіреді.

«Атырау-Индер» тас жолының еншісінідегі 80 шақырымнан басқа ауданның қарамағында 219,9 шақырым жол бар. Оның 65,27 шақырымы асфальтталған. Қолға алынған жұмыстарды жыл соңына дейін бітіру атқарушы биліктің басты міндеті болып отыр.

Аудан әкімінің орынбасары Ақтілек Мусағалиевтың сөзінен ұққанымыздай, Индербор кенті бойынша қазіргі таңда 53 көшені қамтитын ұзындығы 22 шақырым болатын автокөлік жолдары сонымен қатар 14 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолдары күрделі жөндеуден өткізілуде. Қазіргі таңда жол төсеу жұмыстары толықтай аяқталды. Қазір тек жолдың жиектерін жөндеу сонымен қатар жол белгілерін орнату жұмыстары орындалып жатыр. Аталған жұмыстардың барлығы қараша айының аяғына дейін бітеді деп жоспарлануда. Жол салу жұмыстарымен қатар кенттегі екі көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, 13 жаңа аялдама орнатылу үстінде.

Бұл жұмыстарға мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 876 азамат жұмысқа тартылып, екі қолға бір күрек тапты.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521