Ауданда "Қыс 2021" республикалық оқу-жаттығу шарасы өтті

Облыс әкімінің 2019 жылғы 11 қарашадағы «Қыс 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес Индер ауданында 11-12 қараша күндері төменде көрсетілген шаралар атқарылды.

Аудандық жедел авариялық құтқару тобының дайындығы ағымдағы жылдың 11 қарашасы сағат 10:00-де Индербор кенті ескі әуе-жай алаңында саптық тексеру кезінде қаралды. Саптық тексеруге аудандық жедел авариялық құтқару 13 тобы қатынасты, олардың құрамында 130 адам, 36 техника жұмылдырылды.

Жалпы саптық тексеру барысында, құтқару бригадалары, техникалар жоғары әзірлік режиміне келтірілген.11 қараша күні сағат 08:15-те «Дабыл-1001», сағат 09:00-да «Қарғын-2002», сағат 17:30-де «Үзіліс-3003» дабылдары қабылданып, уақытылы жауаптары облыстық штабқа жолданды. Сонымен қатар, тәжірибелік оқу-жаттығуды іс-жүзінде өткізу үшін ауданның қыз мезгіліндегі туындауы ең ықтимал табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескереу. 

chs

Оны жою бойынша ауданның авариялық-құтқару мен азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы мен жабдықталуын және мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында оқу-жаттығулар орындары анықталып, тіршілікті қамтамасыз ету мен әлеуметтік объектілерде, республикалық маңызы бар автокөлік жолдарындағы жол-көліктік оқиғалары, халықты жылыту пунктеріне тасымалдау мен орналастыру бойынша өткізілді.

І. Сақыпқалиев

Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521