Индер ауданында 28 маусым-4 шілде аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс шарасы басталды.
Шараның мақсаты жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу. Айта кетейік, шара Атырау облысы ПД бастығының нұсқаулығына сәйкес жүргізілуде.
Б.Сисенгалиев,
Индер АПБ ЖПҚБ ППТ-ның қызмет аға инспекторы,
полиция аға лейтенанты