Аудан әкімі Дарын Шамұратов Көктоғай және Өрлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіу өткізді.
Сұрақ-жауап форматында өткізілген жиын тікелей эфир арқылы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда жүргізіліп, кездесу барысында ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы, жер, кәсіпкерлікті қолдау шаралары және инженерлік коммуникация бойынша сұрақтары қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімі Дарын Дүйсенбайұлы қос елді-мекен тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстарды бақылауға алынатынын, кейбір түйіткілді мәселелердің шешу жолдары қарастырылатынын айтты.
Сонымен қатар, кездесу барысында азаматтарға жеке қабылдау өткізіліп, қойылған сұрақтарға заң аясында жауап берілді.