Аудан әкімі индерліктерді Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды көктемнің шуақты күнімен қатар жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн - күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, Жаңа Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне алғыс білдіріп, адами құндылықтарды құрметтеуге негізделген күн.

Еліміздің кешегі "Қаңтар оқиғасы" кезінде де бірлікке шақырған аға буынның ақылына тоқтап, ұлт ұстыны тұрғысындағы ұстанымы біздің ірілігімізді байқатты. Бұл баршамыздың Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне қажырлы еңбектерімен және азаматтық белсенділігімен үлес қоса алатындығымыздың көрінісі десек те болады.

Иә, татулығы тұрақты ауданымызда да түрлі ұлт өкілдері әр салада лайықты еңбек етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Бір шаңырақ астында топтасқан, бір ортада біте қайнасқан тұрғындардың өзара сыйластығының дәлелі осы емес пе?!. Ендеше, «ауылы бірдің - ауызы бір» дегендей, бірлігі берекелі, ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан аудан халқына алғысымды білдіремін!

Қадірменді аудан тұрғындары! Айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа құтбереке, бақыт тілеймін. Еліміз тыныш, іргеміз берік болсын!

Құрметпен Салауат ӨТЕҒҰЛОВ,

аудан әкім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз