Ауа райында өзгеріс болуы мүмкін

“Қазгидромет” 5-7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан арқылы өтетін арктикалық суық ауа ағындары қар, боран алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде күшті солтүстік-батыс желі соғады. Оңтүстік және шығыс облыстарына циклон Орталық Азия аудандарынан ығысады, оңтүстіктен жылы және ылғалды ауа мен солтүстіктен суық ауаның кездесуі кезінде жауын-шашын, жаңбырдың қарға ауысуымен, кей жерлерде қатты қар, көктайғақ, екпінді күшті жел, шығыста бұрқасын күтіледі. Суық ауа ағындарынан кейін, Гренланд теңізінен арктикалық ауада қалыптасқан күшті антициклон келеді, ол республиканың көптеген облыстарында күннің суытуына әкеп соғады», – делінген хабарламада.

Тек батыс облыстарында ғана Қара теңізден жылы ауа массасының таралуымен температураның көтерілуі күтіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз