Атыраулық іскер және белсенді әйелдер Конституцияның 33 бабына енгізілгелі отырған өзгерістердің маңызын талқылады

Атырау бизнес және құқық колледжінде облыс бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдарының басшылары және белсенді әйелдер бас қосып, референдумның негізгі аспектілерін талқылады.

Кәсіпкер Маржан Көбейқызы жалпыхалықтық референдумға жауапкершілікпен қатысуға шақырды.

«Референдумның мақсаты – азаматтық қоғам қалыптастыру. Халық үнімен санасатын мемлекет құру. Халықтың позициясы ескерілетін мемлекеттің болашағы жарқын болады. Конституцияның 33 бабына енгізілгелі отырған өзгерістер – еліміздің ертеңі үшін жасалып отырған маңызды қадам» деп атап өтті кәсіпкер Маржан Көбейқызы.

e00de27b-0298-43c7-ab00-d10c5cea3a00

Атырау қалалық мәслихатының депутаты Айжан Сәрсенбаеваның айтуынша, адам құқығы ең басты құндылық.

«Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті. Соның ішінде, әйелдерге күш көрсету, балаларға қол жұмсау секілді фактілер жиілеп кетті. Конституцияда осы мәселеге ерекше назар аударылуы қажет» деді депутат Айжан Сәрсенбаева.

Еске сала кетелік, еліміздің Ата Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум 5 маусымда өтеді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында мұндай оқиға бір-ақ рет, 1995 жылы болған. Қолданыстағы Конституция қабылданғаннан бері оған бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Эльмира Мықтыбаева

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25qazan-respublika

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика