Атыраудан 504 жас әскерге аттанды

Жыл басынан бері облыстан 504 адамның әскерге жіберілгенін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айдос Аманғалиев ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

Биыл облыста 669 адамның мойнына әскери міндет жүктеліп, қазір оның 504-і азаматтық борышын өтеуге аттанған.

— Жастарды әсіресе, ер азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың болмыс-бітіміне батылдық пен жауапкершілік сезімін сіңдіре білу өте маңызды. Осы орайда өңіріміздің азаматтарын мерзімді әскери қатарына шақыру жұмыстары маңызды рөл атқарады, — деді Айдос Аманғалиев.

Әскерге шақырушылар оқу орындарын аяқтамай әскер қатарына жіберілмейді. Тек өз еркілерімен оқу мерзімдерін уақытша тоқтатқан азаматтар әскери қызметке шақырту ала алады. Сондай-ақ, бүгінде әскер қатарына орта, арнаулы орта және жоғары білімі бар азаматтар шақырылуда. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айдос Аманғалиев физикалық дайындық пен моральді-психологиялық дайындықтан бөлек, білімнің де әскер үшін өте маңызды екенін атап өтті.

 

batys.info

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз