Атыраудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жаңа жоба бастады

Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына ерікті болуға шақырады.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» еріктілер жобасы іске қосылды.
 
Жобаның мақсаты – белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту болып табылады.
 
Жоба аясында сіз келесі бағыттар (қызмет) арқылы жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсете аласыз.
 
Қоғамдық бақылау – мемлекеттік сатып алу порталында бағаны көтеру мәніне мониторинг, бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің мониторингі, өңірдің проблемалық мәселелерінің мониторингі, тиісті жұмыс сапасы жоқ объектілердің мониторингі, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингі, ұлттық жобаларды, өңірлерді дамыту жоспарларын іскеасыру мониторингі, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде заңнама талаптарының сақталуын мониторингі, әлеуметтік маңызы бар мекемелердің (балалар үйлері, қарттар үйлері және т.б.) жай-күйіне мониторинг жүргізу.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту – сыбайлас жемқорлық проблемаларын зерттеу, кейіннен оларды жою және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу, студенттік қоғамдастықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ЖОО, ұйымның мамандануын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешімдерді әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу (форумдар, конференциялар, семинарлар және т. б.), сыбайлас жемқорлыққа қарсы контент жасауғақ атысу (фильмдер (сериалдар), әлеуметтік роликтер әзірлеу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдар өткізу және т.б.).
 
Pro bono волонтерлік (кәсіби көмек көрсету) – адвокаттардың, нотариустардың, сот орындаушыларының, кәсіподақтар мен ардагерлер ұйымдарының азаматтар мен еңбек ұжымдарына тегін құқықтық көмек көрсетуі, комплаенс-офицерлерді практикалық оқыту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтерді сыртқы талдау шеңберінде сарапшыларды тарту.
 
Корпоративтік еріктілік – берілетін құжаттардың (талондардың, түбіртектердің) артқы жағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннерлерді орналастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша push-хабарламаларды жіберу, ұйымның ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті ілгерілету.
 
Атқарылатын жұмыс көрсетілген бағыттар мен іс-шаралармен шектелмейді және еріктілер жеке іс-шараларды немесе жобаның бағыттарын ол жүзеге асыратын қызмет түріне қарай таңдай алады.
 
Біз бірге қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою бойынша жұмыс істейтін боламыз.
 
Жобаға қатысу үшін келесі мекен-жайға хабарласуға болады: Атырау қаласы, Темірханов көшесі, 2 «а». Байланыс нөмірі: 71-75-93

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521